Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов өзінің «жұмыстан босатылғанын» әлеуметтік желіден білген. Telegram каналдардың бірі қала басшысы «отставкаға кетті» деп жалған ақпарат таратқан. Журналистермен кездесуде әкім тарап кеткен қауесеттерге деген көзқарасын айтып, көкейтесті сауалдарға жауап берді.