Азамат Шалғымбай қаламыздағы №41 мектептің 3 сынып оқушысы. Оның бос уақыты мүлде жоқ десе де болады. Әркез ізденісте, білмейтінін білуге құлшынып тұрады. Ән айтады, домбыра тартады, спортпен де шұғылдануды әдетке айналдырған. Қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Балғын жастың бар арманы ел ертеңіне аянбай еңбек ететін азамат болу.

Қараша айында Түркияның Анталия қаласында халықараралық олимпиада өтті. Оған Қазақстанның 15 мектебі мен гимназияларынан оқушылар қатысып, бақ сынасты. Азамат математика мен ағылшын тілінен 3 орынды имеденді.  Ал ,Азаматтың ағасы Ернар Шалғымбай №3 гимназияның 4 сынып оқушысы  аталмыш олимпиадада математикадан 1 орын, ағылшын тілінен екінші орынға қол жеткізді. Ағайындылар сабақтарын бірге оқиды. Білмегендерін бір-бірінен сұрап, әркез шыңдалып отырады.

Ернардың бұл білім сайысындағы алғашқы жеңісі. Зерек бала 9 мемлекеттен қатысқан оқушылардың ішінде қазақ елінің абыройын асқақтатты.

Ағайынды қос балғын осы биікте тоқтап қалмаймыз, әлі де өз білімімізді дәлелдеп, одан әрі оқып, тоқи береміз дейді. Бүгінгі таңда олар осы мақсатты бағындыру жолында бар күш-жігерлерін жұмсап, сәл бос уақыттары болса, қатарластары сияқты компьтерге емес, ілім алуға ұмтылады.

 

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ