Тұрғындар талабы тыңдалды
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауыл жолдарының жағдайы, ауызсу, газ тарту, интернет сапасы және дәрігер тапшылығы сөз болды.Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей жеткізіп, нақты жауап алды. Өңір басшысы көтерілген сұрақтардың әрқайсысына тоқталып, оларды шешу жолдарын жауапты мекемелермен бірлесіп қарастыруды тапсырды.