Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет
Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген жас еріктілер Қарағандыда бас қосты. Екі күнге созылған семинар барысында эковолонтерлар тәжірибе алмасып, экологиялық бастамаларды дамыту жолдарын талқылады. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталды. Олардың арасында студенттер мен мектеп оқушылары да бар.