Жастар заңды сынақтан өтті
Қарағандыда жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған «Қаладағы заң мен тәртіп» квесті қорытындыланды. Бастама қала әкімдігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Төрт ай бойы қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты.