Жылыту радиаторларын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды
Қарағанды облысында алюминий кластерін қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Республика күні қарсаңында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын зауыт ашылды.