Қауіпті жайылым
Теміржол маңында жайылып жүрген мал — иесіне үйреншікті көрініс болғанымен, бұл қауіпсіздік талаптарына қайшы. Қолданыстағы ережеге сәйкес, теміржолға бөлінген белдеуде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға болмайды. Мамандар осы талаптарды тұрғындарға түсіндіріп, төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды.