Бірлік диалогтан басталады
Қарағандыда этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды. Достық үйінде өткен оқыту семинарына облыстың барлық қалалары мен аудандарынан мамандар жиналды. Жиында құқықтық және медиасауаттылықты арттыру, түрлі тәуекелдердің алдын алу, сондай-ақ жалған ақпарат пен арандатушылық контентті дер кезінде анықтау жолдары сөз болды.