Құрылтай сайлауы - 2026
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру – сайлау процесінің маңызды бөлігі. Қарағандыдағы дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай қарастырылған. Азаматтарды тасымалдау үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылса, есту қабілеті төмен жандарға арнайы құрылғы арқылы мүмкіндік жасалған.