Ермағанбет Бөлекпаев қандай кітапты оқуға кеңес береді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Хабар» телеарнасындағы «Оян!» таңғы бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Кітап оқитын ұлт» медиажобасының кітап челленджіне қатысты.
Өңір басшысы эстафетаны Асхат Шахаровтан қабылдап алды. Челлендж шарты бойынша қатысушылар оқуға ұсынатын кітаптары туралы айтып, кейін эстафетаны келесі қатысушыға жолдайды.
Ермағанбет Бөлекпаев көпшілік назарын Клаус Швабтың «Төртінші өнеркәсіптік революция» кітабына аударуды ұсынды.

— Бүгінде технологиялар қарқынды дамып, ақпарат ағыны үздіксіз өсіп жатқан кезеңде кітаптың адам өміріндегі маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Кітап ойды жүйелеуге көмектеседі, дүниетанымды кеңейтеді және үнемі жаңа білімге ұмтылуға баулиды. Бұған оқу мәдениетін дамытуға және зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған Мемлекет басшысының бастамасы да дәлел. Сондықтан кітап оқу әр азаматтың рухани әрі кәсіби дамуының маңызды бөлігі болуы тиіс, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімінің айтуынша, «Төртінші өнеркәсіптік революция» кітабы заманауи технологиялардың қоғам мен экономиканың дамуына қалай әсер ететінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
— Автор жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде әлемнің қалай өзгеріп жатқанын жан-жақты талдап, болашақтың басты капиталы табиғи ресурстар емес, білім мен адами әлеует екенін көрсетеді. Бұл ой өнеркәсібі дамыған Қарағанды облысы үшін ерекше өзекті. Себебі кез келген өзгерістің негізінде әрдайым білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті адам тұрады, - деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысы елімізде алғаш болып «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы жүзеге асырылған өңір атанды. Бастамаға шамамен 70 мың адам қолдау білдірген.
Кітап оқу эстафетасын Ермағанбет Бөлекпаев Нұрымбет Сақтағановқа жолдады.