Туристік бағыттағы тұңғыш индустриялық аймақ құрылды
Балқаш қаласында туристік жобаларды жүзеге асыратын индустриялық аймақ құрылды.Бұл осы бағыттағы еліміздегі алғашқы жоба. Оның аумағы 14 гектар. Ал инвесторларға инженерлік коммуникациялары тартылған жер телімдері ұсынылады. Бір жағынан кәсіпкерлерге бизнес нысандарын салу мерзімін қысқартады.Оларды қосу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.