Тұрғындардың мәселесі бақылауда
Қарағанды облысының тұрғындары аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен өткен кезекті кездесуде өздерін алаңдатқан бірқатар мәселелерді ортаға салды. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй жағдайы, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, көпқабатты үйлерді жөндеу және елді мекендердің көркеюіне қатысты ұсыныс-өтініштерін жеткізді.