Бюджеттік жоспардың орындалуы қаралды
Қарағанды қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының қорытынды жиыны өтті. 2025 жылға арналған бюджеттің орындалу барысы талқыланды. Салаға жауапты бөлім басшылары қатысып, атқарылған жұмыстар сапасына баса мән берді.