Табиғат пен туризм тоғысқан өңір
Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында туризм саласына арналған ірі көрме ұйымдастырылды. Онда өңірдегі танымал саяхат бағыттары мен демалыс орындары таныстырылып, қонақтарға ішкі туризмнің жаңа мүмкіндіктері ұсынылды. Шараға жергілікті туризм өкілдерімен қатар Астана қаласынан келген мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.