Қарағандыда еріген қар суы облыстық жедел жәрдем станциясының №4 қосалқы станциясының аумағын басып жатыр. Мамандардың айтуынша, су жертөлеге қауіп төндіріп, іргетасқа сіңіп, ғимараттың беріктігін әлсіретуде. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жағдайды өз көздерімен көріп, мәселені шешу жолдарын қарастырды.