Қарқаралы ауданында ауыл балалары түнгі уақытта шаңғы теуіп, ерекше форматта жаттығуды бастап кетті. Енді оқушылар шағын шамның жарығымен шеберлігін шыңдап, үлкен спортқа қадам басуда. Қысқы спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында мұндай бастаманы елімізде алғаш болып Қарқаралы ауданы қолға алып отыр.