Орталық Қазақстан академиясында студенттер мен магистранттардың "Ғылым және жастар: жаңа идеялар мен шешімдер"атты 12-ші Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Биыл конференция мазмұндық әрі сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеріліп, студенттер, магистранттар және докторанттар үшін ғылыми пікір алмасу мен ашық диалог алаңына айналды. Аталған шара әртүрлі елдерден келген жас зерттеушілердің басын қосып, заманауи сын-қатерлерді талқылауға, өзекті мәселелерге бірлесіп жауап іздеуге мүмкіндік берген маңызды ғылыми кеңістік болды.