Қарағанды облысында тың бастама құлашын кеңге сермейді. «Тау-Кен Самұрық ұлттық тау кен компаниясы акционерлік қоғамы 12 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 750 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде 2029 жылға дейін 3 800-ге жуық жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ұлттық тау-кен компаниясының жетекшілігі және америкалық бизнес өкілдерімен кездесті. Тараптар инвестициялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талдап –таразылады.