Қарағандыда өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен кеңесте алдағы жылдарға арналған қаланың даму векторы анықталды. Облыс орталығында көгілдір тоғандарда эко-саябақ салу, ірі спорт кластерін қалыптастыру, жаңа тұрғын ауданды дамыту, коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарлануда.