Өткен жыл ел экономикасы үшін табысты жыл болды. Өсім 6 пайыздан асты. «Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл елімізбен қатар, барлық өңір үшін рекордтық көрсеткіш»,- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында.