Өткен жылдың күз айында Орталық саябақтағы екінші көлді толық тазалау жұмыстары аяқталды. Су айдыны түбіне дейін тазартылып, жағалаулары бекітілді, қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда көл техникалық әрі санитарлық талаптарға толық сай,-деп хабарлады қалалық саябақтар басқармасы.