Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Талқылауға әлеуметтік салаға қатысты министрліктердің өкілдері мен аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.