Қарағанды қаласында көлік жүргізушісі 57 жастағы әйелді қағып кетті. Жан түршігершілік жағдай әлеуметтік желіде жарияланды. Жол апаты Кеншілер даңғылының бойында болған. Алдын ала болжам бойынша, темір тұлпар тізгіншісі белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан нәзікжанды соғып кеткені анықталды. Жол- көлік оқиғасының кесірінен бір адам жараланды. Аталған дерек полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында.