ҚР Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысына қарасты автомобиль жолдарын салумен айналысатын бірқатар мекеменің жұмысымен танысты. Жол құрылысы және жолды күтіп-ұстау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алды. Компания өкілдері күнделікті қызметте кездесіп отырған мәселелерімен де бөлісті.