Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының қорытындысы шығарылды. Былтыр өңірде 580 стихиялық полигон жойылып, 125 су қоймасы тазаланған. 135 мың тонна қоқыс шығарылды. Жалпыұлттық жобаның нәтижесі облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды.