Қарағанды облысында күн райы күрт құбылды.Аймақта қаһарлы қыс мезгілінде жаңбыр жауып, арты көктайғақпен тұманға ұласты. Салдарынан күре жолдың бойында кептеліс орын алды. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық бағытта көлік қозғалысы уақытша шектелді.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшті.Темір тұлпарларды жол сақшылары қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етуде.