Отандық фармацевтиканы дамыту мен елімізді дәрі — дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды міндет. Бұл мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басым бағыттардың бірі. Ал ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов Қарағандыға жұмыс сапары барысында осы саланы нысанаға алды. Сенатор "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығына және Қарағанды фармацевтикалық зауыты — кәсіпорнының жұмысымен танысты. Мұнда дәрі-дәрмек жасау процессі зертханадан басталып, конвейерде аяқталады.