Енді кеншілермен жер астында байланысқа шығу мүмкіндігі бар. Армафон деп аталатын арнайы смартфон арқылы диспетчерлер әр қызметкерді бақылап, кез келген тереңдікте сөйлесе алады. «Qarmet» көмір департаменті жүйені толық енгізуді аяқтап, 570 құрылғы сатып алды. Оң өзгеріс жұмысшылардың қауіпсіздігі мен байланыс сапасын едәуір арттырады.