Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні және «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» жаһандық акциясы аясында Қарағанды қаласындағы отбасын қолдау орталығы қысқа мерзімге орналастыру орталығы таныстырылды. Бұл орталықта тұрмыстық қиындыққа тап болған немесе қауіп-қатер тобында тұрған адамдарға қажетті көмек көрсетіледі.