Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов ХХХІ сессияда депутаттардың жұмысы туралы жылдағы есепті ұсынды.Сондай-ақ бюджетті бекітті. Әлеуметтік сала және медицина, аумақтық жоспарлау мен мамандарды қолдау бойынша негізгі шешімдерді қайта қарады. Депутаттар науқастарды сирек кездесетін дәрі — дәрмектермен қамтамасыз етуге қатысты сұрақты көтерді. Халық қалаулылары Қарағанды шекарасын өзгертуге дейінгі ондаған бастамаларды қолдады. Алдағы жылы орын алатын оң өзгерістер жайлы әріптесім Жанбота Рахметуллаұлынан естіп білейік.