Қарағандыда "Astana UNI" және "НОДА"командалары арасында инклюзивті жолдастық кездесу өтті."Жастар" спорт кешенінің алаңында ерекше жаратылған балалар қызықты ойын өрнегін көрсетті. Олар футболдың барлығына қол жетімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Кездесу бейімделгіш футболды дамыту жөніндегі көпжылдық жоба аясында жалғасын тапты.Матч жаттықтырушылар мен ата-аналар және спорт ұйымдары өкілдерінің делебесін қоздырып, дегбірін қашырды.