Қарағанды облысында өнеркәсіп секторы дамуда. Тек он айдың өзінде өңдеу саласының үлесі 6,2 пайызға өсті. 254,5 миллиард теңгеге 25 инвестициялық жоба іске қосылды. 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш артады деп жоспарланған. Біздің түсірілім тобы да жаңа іске қосылған «ҚазМетиз» цехында және өнімдері Қазақстан мен ТМД елдеріне жөнелтіліп жатқан тұрмыстық химия зауытында болып қайтты.