Қарағанды облысында ауыл мектептері жаңа цифрлық құралдармен қамтамасыз етілуде. Оларға TopIQ Mobil Box планшеттері табысталды. Бұл тұрақты интернет байланысы жоқ елді мекендерде де жұмыс істей алатын мобильді оқу кешені. Жаңа құрылғы TopIQ платформасын белсенді қолданатын мектептерге, сондай-ақ шалғайдағы және аз комплектілі ауылдық білім беру мекемелеріне жіберіледі.