«Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтары: құқықтық реттеу және іске асыру мәселелері». Осы атаумен Орталық Қазақстан академиясында III Халықаралық конференция өтті. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына арналған іс-шара Қазақстан мен шетелдің жетекші ғалымдарын, сарапшыларын және сот жүйесі өкілдерін біріктірді.