Жаңаарқа ауданы, Мұқажан Жұмажанов ауылдық округінде «Қазақ еліне» стелласының ашылу салтанаты өтті. Бірлік пен патриотизмнің нышаны ауылдың көркіне айналды. Сонымен қатар «Балауса» балабақшасы қолданысқа берілді. Біздің түсірілім тобы қуанышты сәттің куәсі болып қайтты.