Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған ауқымды серіктестік бастау алды. Облыс әкімдігі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат қазақ тілін насихаттау, жастардың рухани және мәдени тәрбиесін күшейту жолындағы маңызды қадам болмақ.