"Шахтер" футбол клубы жекешелендіруге дайындалуда. Мұндай шешім Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық спортты коммерцияландыру және футбол клубтарының бюджет қаражатына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмасы аясында қабылданды. Бұл мәселе бойынша Қарағанды облыстық мәслихаттың кеңесінде кеңінен талқыланды. Клубтың қаржылық жағдайы және жеке қолға берілгеннен кейін оның даму мүмкіндіктері қаралды.