2025 жылдың басынан бері Қарағанды облысында 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның үштен бірі жаңа жұмыс орындарына орналасқан. Бүгінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі небәрі 4 пайызды құрап отыр. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен төмен.