"Kazakhmys Coal" компаниясы көмір өндіруде логистика және жеткізу бойынша серіктестермен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Осакаров ауданы, Молодёжный кентінде халықпен және көмір тұтынушыларымен өткен кездесуде айтылды. Жиын барысында ұсыныстар мен жаңа бастамалар талқыланды. Кездесуге біздің түсірілім тобы да қатысты.