Бірлігі бекем елдің тірегі – тамырынан ажырамаған, еңбегімен елдің ырысын еселеп жүрген жандар. Республика күні – Отанға деген адалдығын іспен дәлелдеген әр азаматтың мерекесі. Қарағанды облысында тұратын Лидия Азаматованың отбасы патриоттықтың шынайы келбетіне айналған. Олар қазақ даласының қасиетін бойына сіңіріп, ұлттық дәстүрді ұрпағына аманат етіп жүр.