QazaqGaz Aimaq" компаниясы тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін жаңашылдықтарды енгізуді жүйелі жалғастыруда.Енді тұрғындар есептегіштердің көрсеткіштерін арнайы мобильді қосымша арқылы жібере алады.Ал газға төленетін әлеуметтік төлемдер EGOV-қа ваучер түрінде келеді.Алайда көгілдір отын тек жайлылық пен үнемдеу ғана емес, жауапкершілік дейді,-сала мамандары.Ал қауіпті жағдайларды болдырмау үшін күнделікті өмірде пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтау аса маңызды.