Өткен мен болашақтың тоғысар сәті. Қарағанды облысында республикалық «Ардагер өсиеті» марафоны өз жалғасын тапты. Шараның басты символы - уақыт капсуласы. Ол бір облыстан екінші облысқа табысталып, ұрпақ арасындағы байланыс пен сабақтастықты нығайтып, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастырады.