Қарағанды облысында күзгі жиын –терім науқаны қыза түсті.Қазірдің өзінде алқаптардағы өнімнің жартысынан көбі алынды. Өңірде дәнді және майлы дақылдар 914 мың гектардан астам жерге егілген. Аталған аумақтардың 779 мыңы гектары бидай алқабы.Орақ науқанында екі мыңға жуық комбайн мен картоп және көкөністерге арналған екі жүзден аса машина жүмылдырылған. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан фермерлер аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді деп сендірді сала мамандары.Өйткені бұл ел Президентінің Жолдауында атап көрсетілген маңызды міндет.