Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. 2023 жылы қайғылы оқиғада 46 кенші қаза тауып, жиырмадан аса адам ауыр жарақат алған болатын. Бұл өңір тарихындағы ең ірі өндірістік апаттардың бірі. Бір жарым жылға созылған тергеу мен алты айға жуық сот тыңдалымынан кейін шахтаның он басшысына жаза тағайындалды.