Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Қарағанды облысында ол 10 мыңнан астам аграрлық құрылымды қамтиды. Бұл науқанның нәтижесі тек нақты статистика үшін емес, ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарлау үшін де маңызды. Өңір тұрғындары сұхбат алушылардың келуін күтпей-ақ, онлайн сауалнамадан өте алады.