Қарағанды облысындағы көрікті Ошағанды шатқалының маңында “JADIGER ” қолөнершілер қауымдастығының мүшелері ерекше іс-шара ұйымдастырды. Олар ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қолөнерді кеңінен насихаттау мақсатында табиғат аясында кесте тігіп, сырмақ сырып, текемет басты.