Негізгі Жаңалықтар «Мектепке жол» акциясы басталды

«Мектепке жол» акциясы басталды

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл 175 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды, оның ішінде 16 мыңға жуығы – бірінші сынып оқушылары. Балаларды мектепке дайындауға ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында өңірде дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталды. Көмек қандай жолмен көрсетіледі және оны қалай алуға болады? Бұл жөнінде мамандар арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында баяндап берді.


Бөлісу