Жаңа спорт нысандары керек пе әлде егілген ағаштарды сақтау маңызды ма? Бұл сұрақ облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен экоактивистер арасында пікірталас тудырды. Оған Ленин кинотеатры жанындағы гүлзарда болған жағдай себеп болды. Мұнда жасыл желектің орнына баскетбол алаңынын құрылысы басталған.