Қарағанды қалалық мәслихатының XXXVIII сессиясында депутаттар экологияның жай-күйі мен қоршаған ортаны қорғау мәселесін талқылады. Ұсынылған есептерге қарамастан, халық қалаулылары уәкілетті органдардың әрекетіне қатысты елеулі наразылық білдірді. Қоқыс үйінділерінің көбеюі, жасыл желектердің жойылуы және жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр.