Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінде кәріз-тазарту құрылысының жұмысында жанжал шықты. Тұрғындар 3,5 миллиард теңге бөлінген жоба қауіпті деп санайды. Оған себеп - төгу нүктесі ретінде сүзу алаңдары емес, жергілікті Талды өзені таңдалған. Наразы жұрт сотқа жүгінді.